Әлеуметтік сала бөлімі

Бөлім басшысы - Жұмашева Гүлмира Берікқызы, тел.: 55-67-93

Бөлім ішкі саясат, мәдениет, спорт, дін, тілдерді дамыту, гендерлік саясат, жастар саясаты мәселелері бойынша жоғарғы органдардың директивті құжаттарының орындалуы бойынша материалдар дайындау, құзыреті аясында олардың орындалуын бақылау. Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама, дене шынықтыру және спорт, дін істері жөніндегі, тілдерді дамыту, жастар саясаты мәселелері басқармаларымен өзара қарым-қатынас жасау. Мәдениет және спорт мекемелері, үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар, діни конфессиялар, этномәдени бірлестіктер, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы комиссиялар және кеңестермен өзара әрекет жасау. Ауданда мәдени және спорттық іс-шараларды өткізу. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттау топтарының жұмысын ұйымдастыру. Еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізу. Аудан мекемелерінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің экстерьерлі түрінде дұрыс орналастыруын қадағалау. БАҚ-пен жұмыс істеу. Аудан әкімі аппаратының ресми интернет қорын мәліметпен толтыру.