Әлеуметтік сала және кәсіпкерлікті қолдау бөлімі

Бөлім басшысы – Хамзаев Арайбек Амангелдіұлы

Тел.: +7 (7172) 55-73-75

Мүгедектерді, жалғызбастыларды, қарттарды және де басқа аз қамсыздандырылған азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша, денсаулық сақтау, білім, көші-қон, демография, дене шынықтыру және спорт, отбасы және әйелдер, мемлекеттік тілді дамыту; бұқаралық ақпарат құралдарымен әрекет жасайды, кәсіпорындарда, ұйымдарда мемлекеттік символиканы қолдануға бақылау жасайды, ұлттық және кәсіби мерекелердің өткізуін ұйымдастырады.

Санитарлы-эпидемиялық қадағалау, қоғамдық тәртіпті қорғау, шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асыруын қамтамасыз етеді. Бизнес саласының даму мәселелері бойынша мониторинг, жинақтау және талдау жасау мәселелерін шешіп, болжамдық көрсеткіштерді құрастырады. Астана қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының сыртқы жарнама бөлімімен бизнес объектілерінің сыртқы жарнамасының жағдайы мәселелері бойынша қарым – қатынас жасайды.