Инфрақұрылым бөлімі

Бөлім басшысы–Сутеев Алмат Алтынбайұлы, тел.: 55-74-60

Энергетика, жер қатынастары, көлік, байланыс, өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардың қалалық қызметтерімен, өнеркәсіп мекемелерімен, құрылыс ұйымдарымен және аудан инфрақұрылымының өзге де шаруашылық жүргізуші субъектілерімен өзара әрекет ету. Уәкілеттік қызметтерге отын-энергетикалық қорларды және суды тиімді пайдалануда көмек көрсету. Инженерлік желілердің және өзге де жұмыстардың өткізілуі бойынша жер жұмыстарының өндірісіне бақылау жүргізу. Жұмыс тобымен бірлесіп жер телімдерінің мақсатсыз пайдалануына және заңсыз құрылысқа жол бермеу, анықтау бойынша жұмыс істеу.