«Байқоңыр» ауданында аулаларды абаттандыру
«Байқоңыр» ауданы аумағында 237 аула бар. Аулаларды абаттандырудағы басты мақсат – тұрғындар үшін жайлы демалыс орындарын жасақтау.
Биылғы абаттандыру жұмыстарын жүргізу барысында ауданның ескі бөлігі мен тұрғын алаптарға ерекше назар аударылды.
- Осы ретте, биылғы жылы аудан аумағында 53 аула мен 13 ірі қоғамдық кеңістік (шағын саябақ) абаттандырылды.
- «Жастар» ықшам ауданында 50 көппәтерлі тұрғын үй кешені орналасқан. Онда 23 аула абаттандырылды.
- Көпшіліктің көңілі ауған жұмыстың бірі көпір асты кеңістіктер болды. Олардың бірі Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ маңында орналасқан. Ондағы 3 мың шаршы метрлік орынға баскетбол, воркаут және скейт-алаңдар, теннис үстелдері және т.б. орналастырылды.
- «Өндіріс» тұрғын алабында (Лесозавод) да өзгерістер орын алды – аумақтағы сазды және 1950 жылғы үйлердің орнына футбол, баскетбол алаңдары бар шағын саябақтар (Тайбурыл көшесі, 9А, Ақбидай көшесі, 11 және т.б.) салынды.