Республикалық бағдарламалар:
- «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы келесі бағыттарды ұсынады:
1) банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
2) банктердің кәсіпкерлерге берген кредиттеріне ішінара кепілдік беру;
3) кәсіпкерлер жобаларының және индустриялық аймақтардың жетіспейтін инфрақұрылымын қамтамасыз ету;
4) инновациялық және жаңа бизнес-идеяларға мемлекеттік грант беру.
- 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы:
- салалық шектеулерсіз 6% -ға дейін микрокредит беру. Микрокредиттің ең жоғары сомасы – 8000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК).
Жергілікті бағдарламалар:
1) Астана бизнес – Пайыздық сыйақы мөлшерлемесі 8,5 % кем емес. Бір кәсіпкерге ең жоғары қарыз сомасы 70 млн.тг. Жеке кәсіпкерлік субъектілері франшиза құқығын сатып алу бойынша осы бағдарламаға қатыса алады.
2) Жастар кәсіпкерлігін дамыту «Astana - ZhasStarT». 29-ға дейіңгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағыттылған, пайыздық сыйақы мөлшерлемесі 7% кем емес. Бір кәсіпкерге ең жоғары қарыз сомасы 20 млн.тг.
3) «Startup» бағдарламасы ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге бағытталған, салалық шектеулері жоқ, Даму бағдарламасы аясында несиелерге ішінара кепілдік қарастырылған. Несие бойынша пайыздық мөлшерлемесі 7,9% кем емес. Бір кәсіпкерге ең жоғары қарыз сомасы 50 млн.тг.
Толық ақпаратты www.damu.kz,www.dkb2020.kz сайттарынан, сондай-ақ Кәсіпкерлікті қолдау орталығы, мекен жайы: Мәңгілік Ел 55а, немесе call-орталығынан 1408 (қоңырау соғу тегін) алуға болады.