Жаңалықтар

04.04.2021

Абай болыңыздар, сүңгі

Қалың қардың түсуі нәтижесінде үйлердің, ғимараттардың төбелерінде қар жиналып, мұз сүңгілері пайда болады. Олар төбеден құлап, адамдардың жарақаттануына әкеліп соғуы мүмкін.
Осыған байланысты, төбе ернеулерін қауіпсіз жағдайға келтіру үшін, уақытылы және түбегейлі шаралар қолдану қажет. Мұндай жұмыстарды жүргізу мүмкіндігі болмаса, жаяу жүргіншілер жағындағы қауіпті учаскелерді қоршап, ескерту белгілерін қою қажет және қауіпсіздік шараларын есте ұстаған абзал:
- Ескерту белгілері қойылған жерлерді айналып өтіңіз;
- Жоғарыдан шу естісеңіз, адымдап тез жүруге тырысыңыз;
- Көшеде құлаққап киіп жүрмеңіз, сіз төбеден құлап келе жатқан қардың дыбысын естімей қаласыз;
- Төбенің құламасы бар үйлерге жақындамаңыз;
- Электр беретін құрылғылардың желілерінен, ғимараттардың және басқа да нысандардың төбе ернеулерінен қардың құлауы мүмкін жерлерді айналып өтуге тырысыңыз;
- Төбеден құлайтын қардан және мұз сүңгілерінен сақ болыңыз.
Сондай-ақ, үйіңіздегі мұзды сең мен сүңгілерден тазалау негізіндегі өтініштер тек 109 қызметі арқылы ғана емес, сонымен қатар «Байқоңыр» ауданы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде де жүргізіледі немесе тіршілікті қамтамасыз ету бөлімінің байланыс нөміріне: 55-14-73, 95-44-89 немесе WhatsApp +7 701 055 5979 қоңырау шалып, өтініш қалдыруларыңызға болады.
Өзгерткен: 04.04.2021