Жаңалықтар

19.01.2021

Нұр-сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының полиция басқармасы 100-ден астам түсті және қара металл қабылдау пункттерін тексерді

Қылмысқа қарсы күресті күшейту мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының полиция басқармасы 2021 жылдың 14 қаңтарынан 16 қаңтарға дейінгі аралықта түсті және қара металл (кабель, люк қақпақтары) ұрлаудың алдын алуға бағытталған жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.
Жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында 100-ден астам металл өткізілетін орындар, тұрғын алаптар мен саяжайдағы үйлер тексерілді.
Металдарды қабылдау пункттерін тексеру барысында 571 кг қара металл (сынықтар, люктер, құбырлар), 48,57 кг түрлі-түсті металл (мыс, кабель және т.б.) тәркіленді.
Тексеру шаралары барысында түрлі құқық бұзушылықтар үшін 200-ден астам тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Құрметті тұрғындар, құқық бұзушылық фактісі орын алған жағдайда жақын жердегі учаскелік полиция пунктіне немесе «102» телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.⁣⁣⠀
@police_nur_sultan_baikonyr ⠀

Өзгерткен: 19.01.2021