Жаңалықтар

18.01.2021

Азаматтық хал актілерін тіркеу

Азаматтарымыздың өміріне қатысты барлық маңызды мәліметтер азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде заңдастырылып, рәсімделеді. Осыған орай, АХАТ бөлімі қызметкерлерімен адамның өміріне қатысты болатын барлық заңдылық фактсі бар мән-жайлар, соның ішінде туу туралы акт жазбасын тіркеу, неке қиюды тіркеу, некені бұзуды тіркеу, қайтыс болуды тіркеу, тегін, атын, әкесінің атын өзгертуді тіркеу және мұрағат бойынша қайталау құжаттарын беру туралы мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

2020 жылы «Байқоңыр» ауданы әкімі аппараты АХАТ бөлімімен жалпы саны 7892 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. Оның ішінде, мемлекеттік жергілікті атқарушы орган арқылы 948 қызмет, халыққа қызмет көрсету арқылы 4587 қызмет, электронды үкімет порталы арқылы 2357 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, заң аясында рәсімделген.

Бүгінде тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді алуға өтінішті үйден шықпай-ақ, электронды үкімет порталы арқылы беруге болады. Электронды түрде өтініш беру арқылы Сіз уақытыңызды, жол жүру қаражатыңызды үнемдейсіз, мемлекеттік тіркеуші органға тек дайын құжатыңызды ғана алу үшін барасыз. Азаматтардан тек қана электронды үкімет порталындағы өзіңізге қатысты мәліметті сауатты және дұрыс толтыру талап етіледі. Ал электронды үкімет порталында техникалық ақаулар болған жағдайда азаматтарға call-центр 1414 қысқа байланыс нөміріне хабарласуға болады.⁣⁣⠀

Өзгерткен: 18.01.2021