Жаңалықтар

18.01.2021

Заңсыз сауданы жою

Азаматтардың өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке заңды тұлғалардың мүдделеріне зиян келтіру қаупін болдырмау мақсатында 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданы кәсіпкерлікті қолдау бөлімі ауданының полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, заңсыз орнатылған 33 объектінің, оның ішінде: 15 фаст-фуд, 10 шиномонтаж, 4 жеміс-жидек және 1 гүл дүңгіршегінің, 4 өзге де объектінің жұмысын тоқтатты.
Кәсіпкерлерге ескерту жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 8 заңсыз орнатылған нысан иелері өз қаражаты есебінен дүңгіршектерін алып тастаса, Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімі аппаратының мамандары 25 нысанды сүрді.

Заңсыз орнатылған нысандарда санитарлық және өртке қарсы нормалардың сақталмауы жиі кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жер учаскесін жалға алуға болатын шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасын жүзеге асыруда. Бағдарлама операторы «Astana» ӘКК» АҚ, конкурс өткізу және өтініш беру үшін, тел.: 8(7172) 61-35-54, мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы, Ә.Мәмбетов көшесі, 24.

Өзгерткен: 18.01.2021