Жаңалықтар

09.11.2020

«Байқоңыр» ауданында аялдама павильондары орнатылды


Аудан тұрғындары мен қонақтарының жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы аудан бойынша 32 аялдама павильондары орнатылды. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Жолаушылардың тілектері мен өтініштерін есепке ала отырып, тағы 6 аялдама павильондарын орнату жоспарлануда. Оның ішінде 4 - желге төзімді және 2 - жабық типті (жылы) аялдама павильондары орнатылады. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Жаңа аялдамалар бірінші кезекте мектеп, аурухана және жел соғып тұратын аялдамаларға орнатылады.⁣⁣⠀

Айта кетейік, аялдама кешендерінің негізгі бөлігін орнату жұмыстарын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) механизмі арқылы құрылыс пен маңызына кететін біраз шығынды инвесторлардың өздері жабады. Жабық типтегі аялдамаларды орнатуда елорданың тек климаттық ерекшелігін ғана емес, заманауи талаптар мен әлеуметтік қажеттіліктерді де ескере отырып жасалады. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Аталмыш кешендерді орнатуда, азаматтардың аялдаманы жаңа күйінде сақтап, мұқият әрі ұқыпты пайдаланады деп сенеміз.⁣⁣⠀

Өзгерткен: 09.11.2020