Жаңалықтар

08.11.2020

Аудандағы техникалардың қысқа дайындығы тексерілді

Қала әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгінов ауданымыздың қысқа дайындық жұмыстарымен танысты.

Алдағы қысқы мерзімде 257 арнайы техника мен 450 коммуналдық жұмысшы жұмылдырылады. Кездесу барысында коммуналдық қызметтер мен мердігер ұйымдардың алдағы қыс мезгіліне дайындығымен қатар, қар жинау және басқа да арнайы техникалары тексерілді.

Негізінен қар тазалау кезінде қар жинау машиналары, құм шашатын, шнекороторлар, автогрейдерлер, қар тиегіштер, самосвалдар қолданылады. Сондай-ақ, қар тазалау жұмыстары барысында әсіресе әлеуметтік нысандарға кіретін жолдарды тазалауға көп көңіл бөлінеді.

Сондай-ақ, биылғы жылы біз қар полигонына кіру және ішке өту жолдарын кеңейттік. Бүгінгі күні белгі пункті орнатылды, электр жарығы тартылып, қажет болған жағдайда жолдарды толтыру үшін жалпы көлемі шамамен 50 тонна инертті материал дайындалды.
Қар полигоны қар қабылдауға дайын.

Өзгерткен: 08.11.2020