Жаңалықтар

05.11.2020

Күзгі ағаш егу науқаны

Ауданның көркін келтіріп, ауа тазалығын сақтау үшін жасыл желектің орны ерекше. Сондықтан, көктем және күз мезгілінде ағаш отырғызу науқаны жүргізіледі. Кейбір ағаштар мен бұталарды көктем мезгіліне қарағанда, күзде отырғызу тиімді. Себебі, күзде отырғызылған ағаштар көктемде егілген көшеттерге қарағанда тез бой түзейді. ⁣⁣⠀

Осы ретте, «Байқоңыр» ауданы бойынша күзгі маусымда 10765 түп ағаш отырғызылды. Олардың қатарында: ⁣⁣⠀

- 5000 түп қарағай, қайың, тау күлі, емен, күл (ясень); ⁣⁣⠀
- 1400 түп сирень, курил шайы, татар үйеңкісі;⁣⁣⠀
- 2100 түп ұсақ жапырақты ағаштар (кизильник) бар.⁣⁣⠀

Өзгерткен: 05.11.2020