Жаңалықтар

30.10.2020

«Байқоңыр» ауданының тұрғындарын онлайн режимде қабылдау жалғасуда

Бүгін «Байқоңыр» ауданының әкімі кезекті рет аудан тұрғындарын онлайн режимінде қабылдады. COVID-19 инфекциясының таралу қаупі әлі де бәсеңдемей отыр, сондықтан азаматтарды қабылдау онлайн форматта жүзеге асырылуда. ⁣⁣⠀
Бір жағынан бұл тұрғындар үшін де қолайлы болып табылады. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Аудан тұрғындары қабылдау барысында әлеуметтік көмек көрсету мәселелеріне байланысты сауалдарын қойды. Аталған барлық мәселелер алдағы жоспарды жасақтау барысында ескеріліп, бақылауға алынады.
⁣⁣⠀
Жалпы әкімдік пен халық арасындағы өзара қарым-қатынасты арттыру мақсатында «Байқоңыр» ауданының әкімі әр апта сайын онлайн форматта тұрғындарды қабылдайды. Қабылдауға +7 (7172) 55-75-19 байланыс номері арқылы немесе әлеуметтік желідегі парақшаларымызға өтініш қалдыру арқылы жазылуыңызға болады.

Өзгерткен: 30.10.2020