Жаңалықтар

24.10.2020

Әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

2011 жылғы Елбасының Жарлығымен «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні» бекітілген болатын. Осы кезеңнен бастап елімізде қазан айының соңғы жексенбісі көмекке зəру жандарға қолдау көрсетіп жүрген әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі дәстүрге сай аталып өтіледі.

Мерейлі мереке қарсаңында еселі еңбек сіңірген әлеуметтік қорғау саласында жұмыс жасап жүрген қызметкерлерді «Байқоңыр» ауданының әкімі Нұрбол Төлегенұлы төл мерекелерімен құттықтады. Әлеуметтік қорғау саласындағы еңбектері үшін ризашылық білдіре отырып, қыруар жұмыстардың ыстығы мен суығына төзіп, аянбай қызмет етіп келе жатқан қызметкерлерге зор денсаулық, отбасыларына амандық, қызметтеріне мол табыс тіледі. Осы салада ерекше көзге түсіп, жетістіктерге жеткен қызметкерлерді аудан әкімі Алғыс хаттармен марапаттады.

Құрметті әлеуметтік сала өкілдері сіздердің адал еңбектеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз.

Өзгерткен: 24.10.2020