Жаңалықтар

20.10.2020

Көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» марапаттары тапсырылды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппаратында Мемлекет басшысының 2020 жылдың 30 қыркүйектегі №421 жарлығына сәйкес 12 алтын құрсақты батыр анаға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» (2 алтын, 10 күміс) марапаттары тапсырылды.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Аналарды «Байқоңыр» ауданының әкімі Нұрбол Нұрсағатов құттықтады.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
«Бүгінде, «Байқоңыр» ауданы бойынша 1003 алтын және күміс алқа иегерлері тұрады. Бүгін олардың қатары тағы 12 көпбалалы анамен толықты. Қазақ халқы әрқашан отбасылық құндылықтарды жоғары қойған. Әсіресе, алтын құрсақты аналарды халқымыз ерекше қадірлейді. Отбасының алтын діңгегі болып, тағылымды тәрбие, ізгі дәстүрлер сабақтастығын жалғап жүре беріңіздер», - деді Нұрбол Төлегенұлы.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Еске салайық, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» 1993 жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген. «Алтын алқа» наградасы жыл сайын жеті және одан артық баланы, ал «Күміс алқа» алты бала тәрбиелеп өсірген аналарға беріледі.⁣⁣

Өзгерткен: 20.10.2020