Жаңалықтар

16.10.2020

Күзгі маусымда 5 мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарланып отыр

«Байқоңыр» ауданының әкімдігі қашанда аумақты көгалдандыруға ерекше назар аударады. Мәселен, биылғы жылы «Байқоңыр» ауданы бойынша 2923 ағаш отырғызылды. Соның ішінде, А.Бараев пен Ш.Уәлиханов көшелері қилысында емен, қарағай, сирен, бадам, бөріқарақат, ирга, сібір шыршасы сынды ағаштары отырғызылса, Республика даңғылы бойындағы қоғамдық кеңістікте күл (ясень) ағаштары, ал Ш.Уәлиханов көшесі, «Тұлпар» сауда үйінің алдына жөке (липа) ағаштары отырғызылған.⁣⁣⠀

Тұрғын алаптардағы жаңа қоғамдық кеңістіктер аумағында да ауқымды көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, биылғы маусымда жалпы ауданы 8112 шаршы м. құрайтын бір жылдық гүлдер отырғызылып, көшелерге ерекше көрік берді. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Қаламыздың көркін келтіруде, әсіресе ауа тазалығын сақтау үшін жасыл желектің орны ерекше екені белгілі. Сондықтан, көктем және күз мезгілінде ағаш отырғызу науқаны жүргізіледі. Мәселен, биылғы күзгі маусымда аудан аймағында қарағай, қайың, емен сынды 5000 түп ағаш отырғызу жоспарланып отыр, олардың қатарында: қарағай, қайың, тау күлі, емен, күл, 1400 бұта - сирень, бадам, курил шайы, татар үйеңкісі, 2100 түп ұсақ жапырақты қызыл ырғай көшеттері бар.⁣⁣⠀

Өзгерткен: 16.10.2020