Жаңалықтар

23.09.2020

«Жастар» мөлтек ауданында 17 аула абаттандырылды

Нұр-Сұлтанда ай сайын спорттық және бос уақытты өткізуге арналған орындар көбеюде. Аумақтар тұрғындардың талап-тілегін ескере отырып абаттандырылуда. Елордада бюджетке қатысу жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында тұрғындар өз өтініштерін қалдыра алады.

«Біз үшін бастапқыда жобаның тұрғындардың талап-тілегін ескере отырып жүзеге асырылатыны, тұжырымдамасы өте қызықты болды. Ұсыныстарымыз ескеріліп, жайлы демалыс аймағы қалыптасты», – дейді белсенді, «Жастар» шағын ауданының тұрғыны Александр Цвет.

Шағын ауданда жаңа футбол алаңдары, орындықтар, воркаут алаңдары, балалардың ойын алаңдары орнатылды. Балалар мен ересектер аулаларда көбірек уақыт өткізе бастады.

«Бұрын біздің аулада кішкене сырғанақ пен әткеншек болатын. Балаларды мұнда уақыт өткізу қызықтырмайтын. Серуендеуге басқа жерлерге, мысалы, жағалауға баратынбыз. Енді мұнда көбірек уақыт өткізе аламыз. Аулада 1,5 сағаттан кем емес уақытты өткіземіз, балалар да уақытын тиімді өткізе алады», – деді «Жастар» шағын ауданының тұрғыны Ирина Царицынская өз әсерімен бөлісіп.

«Маған аула ұнайды. Футбол алаңы да жақсы салынған. Аула да жақсы. Барлығына ұнайды, барлығы мұнда ойнауға келеді», – дейді «Жастар» шағын ауданының кішкентай тұрғыны Айтуар Телепов.

Өзгерткен: 23.09.2020