Жаңалықтар

23.09.2020

Көпір асты көз тартады

«Нұр-Сұлтан - жайлы қала» бас жоспары тұжырымдамасы аясында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанындағы көпір астында жаңа қоғамдық кеңістік абаттандырылып, тұрғындардың пайдалануына берілді.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Жобаның басты идеясы - жастардың спортпен айналысуы үшін жайлы жағдай жасап, бұқаралық спортты дамыту болып табылады. Сондай-ақ, кешқұрым бұл жер түрлі-түсті шамдармен жарықтандырылып, жандана түседі. Бұл кеңістікте стритбол, үстел теннисі және жаттығу алаңдары пайда болды.⁣⁣⠀

Өзгерткен: 23.09.2020