Жаңалықтар

15.09.2020

Елордада «Ардагерлер салауатты өмір салты үшін» атты флешмоб өткізілді

Елордада 1 қазан Халықаралық қарттар күніне арналған «Ардагерлер салауатты өмір салты үшін» атты флешмоб өткізілді.

«Ардагерлер ұйымы» РҚБ қалалық филиалы Кеңесінің мүшелері Қаламгерлер аллеясында бас қосып, фитнес-инструкторының көмегімен таңғы жаттығулар жасады. Флешмоб аясында спортшы ардагерлер сергіту жаттығуларына қатысып, концерттік бағдарламаны тамашалады.
Шара «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Нұр-Сұлтан қаласының ардагерлер Кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов пен Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Жаулыбаев сөз сөйлеп, ардагерлерді мерекесімен құттықтады.
Мерекелік шараға қалалық ардагерлер кеңесінің жетекшілері, аудандардың өкілдері, ардагерлер қозғалысының белсенділері атсалысып, шараның ұйытқысы болды.

Өзгерткен: 15.09.2020