Жаңалықтар

01.09.2020

"ӨНДІРІС" ТҰРҒЫН АЛАБЫН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

Аз уақыттың ішінде Өндіріс тұрғын алабындағы осынау жаңа алаң балалар мен ересектер үшін сүйкті демалыс орынына айналды.

Жоспарға сәйкес аудан аумағында абаттандыру жұмыстарын аяқтауға жақын қалдық. Биылғы абаттандыру жұмыстарын жүргізудегі баста ерекшелігіміз
Тұрғын алаптарды көркейтіп, қоғамдық кеңістіктерді заманауи талаптарға сай етіп жасақтауда болды.
Мәселен, бір "Өндіріс" тұрғын алабының өзінде Ақбидай, Кеңшілер, Тайбурыл көшелерінде абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың пайдалануына берілді.

Негізгі мақсат тұрғындардың жайлы демалысын қамтамасыз етіп, жасөспірімдер мен бүлдіршіндердің уақыттарын тиімді өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету.
Осы мақсатта абаттандыру жұмыстары тұрғындардың тілектері мен өтініштерін ескере отырып жасақталды.

Соның ішінде, Ақбидай көшесінде салынған Қоғамдық кеңістікте тұрғындарға арналған арнайы демалыс орны, жасөспірімдерге арналған көп функционалды тренажарлар мен Workout арнайы спорттық алаңдары, бүлдіршіндер ойнайтын қондырғылар жабдықталып, сондай-ақ футбол алаңы салыды. Тұрғындардың өтініштерін ескере келе, баскетбол алаңы аяқталуға жақын.

Сонымен қатар, «Өндіріс» тұрғын алабында ЖКУ шамдарын жарықдиодты шамдарға ауыстыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Өзгерткен: 01.09.2020