Жаңалықтар

30.08.2020

«Байқоңыр» ауданының әкімі Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен құттықтады

Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы қарсаңында «Байқоңыр» ауданының әкімі Нұрсағатов Нұрбол Төлегенұлы «Байқоңыр» аудандық полиция басқарма қызметкерлерін айтулы күнмен шын жүректен құттықтады.

Полиция қызметкерлері төтенше жағдай кезеңінде күрделі міндеттерді дұрыс шешуде. Олар қала тұрғындарының тыныштығы мен қауіпсіздігін, сондай-ақ көшедегі тәртіпті қамтамасыз етуде. Төтенше жағдай кезінде блок-постар аумағында тәртіп сақталды. Олар бас санитарлық дәрігердің шектеулі карантиндік шараларды кезең-кезеңімен азайту туралы шешімінің орындалуын қамтамасыз етті.

Аудан әкімі полиция қызметкерлерінің жоғары кәсіби біліктілігі және өз жұмыстарына деген адалдығы үшін өз алғысын білдіріп, барлық қызметкерлерге зор денсаулық, бақыт, амандық және кәсіби қызметтерінде табысқа жетуді тіледі. Сондай-ақ, полиция бөлімінің үздік қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттады.

Өзгерткен: 30.08.2020