Жаңалықтар

29.08.2020

Қазақстан Республикасының Конституция күні құтты болсын!

Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына орай «Байқоңыр» ауданы әкімі аппаратында салтанатты іс-шара өткізілді. Аудан әкімі ұжымды осы айтулы күнмен құттықтап, өз лебізін білдірді.

Іс-шара барысында төтенше жағдай кезеңінде кәсіби біліктіліктерін таныта білген аппарат қызметкерлерін Елбасының Алғыс хаттарымен марапаттау рәсімін өткізді, сондай-ақ өз міндеттерін адал атқарған үздік экологиялық полиция қызметкерлерін алғыс хаттарымен марапаттады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына түскен аппараттың екі қызметкеріне ұжым атынан тілектер мен құттықтаулар айтылды.

Өзгерткен: 29.08.2020