Жаңалықтар

19.08.2020

Нұр-Сұлтан кәсіпкерлері InfoKazakhstan.kz порталында тіркелуі қажет

Нұр-Сұлтан қаласы бас санитарлық дәрігерінің 16 тамызда жариялаған қаулысына сәйкес елордада бизнестің жұмысты қайта бастау тәртібі белгіленді. Жұмыс бастауға рұсат берілген ШОБ субъектілеріне InfoKazakhstan.kz арқылы берілетін санитарлық нормаларға сәйкестік актісін алу қажет.

Жұмыс бастауға рұсат берілген бизнестің барлық объектілері 17 тамыздан бастап InfoKazakhstan.kz сайтында талап етілген санитарлық нормалармен танысып, міндетті тіркеуден өту қажет. Жұмысын қайта бастаған кәсіпкерлер мен карантин кезінде жұмысын жалғастырған кәсіпкерлер де тіркеуден өтіп, өз қызметін жалғастыру туралы хабарлама алуы қажет.

Сонымен бірге, әкімшілер де, жалға алушылар да өтініш беруге міндетті. Әрекет түрін таңдағанда «Сауда және ойын-сауық орталығының, сауда орталығының жалға алушысы» тармағын таңдау керек. Жалға алушылар өз қызметтерін хабарламасыз негізде тексерусіз жалғастырады, сондықтан сіз өтініш бергеннен кейін бірден сәйкестік туралы акт аласыз. Алайда, сіз жалға беруші санитарлық нормаларға сәйкес деген актіні алғаннан кейін ғана қызметке кірісе аласыз.

Бизнестің басым бөлігі, шамамен 90%-ы  InfoKazakhstan.kz сайтында тіркелу арқылы тексерусіз, хабарландыру тәртібінде жұмыс бастай алады.

InfoKazakhstan.kz сайтында тіркелген соң бизнестің жекелеген түрлері санитарлық нормаларға сәйкестікке міндетті тексеруден өтуі керек. Оларға сауда және ойын-сауық орталықтары, азық-түліктік сауда базарлары, азық-түліктік емес базарлар, балалар сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы) жатады.

 

Тексеруге жататын ШОБ субъектілеріне:

1-қадам. InfoKazakhstan сайтына кіріп, нысанды электронды цифрлық қолтаңба арқылы тіркеп,  бас санитарлық дәрігер қаулысын жүктеп, кәсіп түріне қойылған талаптармен танысу қажет. Талаптармен  мұқият танысып, электронды цифрлық қолтаңба арқылы растау қажет!

2-қадам. Нысанды санитарлық талаптарға сәйкес дайындау.

3-қадам. Мониторингтік топтың тексеруінен өту.

 4-қадам. Егер бәрі дұрыс болса, сайттағы жеке кабинеттен және электронды поштаға санитарлық нормаларға сәйкестік актісін – жұмысты қайта бастауға рұқсатты алып, жұмысты бастау.

 

Қызметті хабарлындыру тәртібінде жаңарту үшін:

1-кадам. InfoKazakhstan сайтына кіріп, нысанды электронды цифрлық қолтаңба арқылы тіркеу.

 2-қадам. Бас санитарлық дәрігердің қаулысын жүктеу және кәсібіңізге қойылған санитарлық талаптармен танысып, оны электронды цифрлық қолтаңба  арқылы растау.

3-қадам. Жеке кабинетте және электронды поштада дайындық туралы актісін алып, жұмысты бастауға болады.

Электронды рұқсатты басып шығарып, соның ішінде мониторингтік топтың келуі жағдайына қарай рұқсаттың қағаз көшірмесін кіреберіске іліп қою керек. Айырмашылық тексеруде ғана, егер өтінім берген соң нәтиже теріс шықса, онда тексеруді екінші рет өтуге болады.

Кәсіпкерлік қызметті жандандыру едордадағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты күн сайын бақыланады. «Атамекен» ҰКП, Нұр-Сұлтан қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, тауарлар мен қызметтер сапасын бақылау және қалалық жол полициясы басқармасы құрамында мониторингтік топ бірлесіп тексеріс жүргізеді.

БАҚ өкілдері мен қала тұрғындарын InfoKazakhstan.kz сайтында рұқсат/ хабарлама алу қажеттілігі туралы кәсіпкерлерді хабардар етуге шақырамыз.

Электронды цифрлық қолтаңбаны алуға бағытында Iqala қалалық қызметтер көрсету орталықтары базасында, Момышұлы 2/11 және Қошқарбаев д-лы, 29 мекен-жайында орналасқан  Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарындағы кеңесшілер көмек көрсетеді. «Атамекен» ҰКП байланыс орталығы базасындағы техникалық қолдау көрсету қызметі – 1432.

Өзгерткен: 19.08.2020