Жаңалықтар

07.08.2020

Құрылысшылар күнімен құттықтаймыз!

Қаламыздың қарышты даму жолында өлшеусіз үлес қосып келе жатқан мамандардың бірі - құрылысшылар.

Құрылысшылар ауданымыздың әлеуметтік және өндірістік нысандарын, сондай-ақ қазіргі заманға лайықты сәулет ғимараттарын, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды абаттандыру жұмыстарының қатарын сапалы және мерзімінде іске қосуға ат салысып келеді.

Қаламыздың сәнін келтіріп, айшықтандырып тұрған құрылыстарға қалдырған қолтаңба құрылысшылар үшін үлкен мәртебе.

Кәсіби мереке қарсаңында аудан әкімі Нұрбол Төлегенұлы ауданымыздағы құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жерлерге арнайы барып, құрылысшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады.

Сондай-ақ, осы мерекенің қарсаңында ұйымдастырылған 'Менің арманымдағы үй' байқауында оқырмандардың лайықты лүпілдерімен жеңіске жеткен жеңімпаздарымызға да арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Өзгерткен: 07.08.2020