Жаңалықтар

22.07.2020

Түбіртекті талап ет - жүлде ұтып ал!

Нұр-Сұлтан қаласы “Байқоңыр” ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасы ағымдағы жылдың 13 мамыр айынан басталып жыл соңына дейін жалғасатын «Түбіртекті талап ет - жүлде ұтып ал!» атты жыл сайынғы акциясының басталғандығын хабарлайды.

Оның қатысушысы болу үшін, "Wipon" тегін мобильді қосымшасын жүктеп, қажетті мәліметтерді толтырып, содан кейін өз сатып алуларының фискалдық түбіртектерін қосымшаға енгізе бастаңыз. Қосымшаны App Store және Play Market-тен таба аласыз.

✅Түбіртекті жібергеннен кейін қатысушы 5 000 теңгеге дейінгі сомаға телефон теңгерімі түрінде лезде жүлде ұтып алуға болады. Барлық жіберілген түбіртектер акцияның басты жүлдесі - 1000000 теңге ұтысына қатыса алады.
✅Ұтыс ойынына сатушының БСН/ЖСН, чектің берілген күні мен уақыты, сомасы мен фискалдық белгісі (ФП, фискалдық түбіртек және т.б.) бар фискалдық түбіртектер ғана қатысады. Бұл ретте әрбір жіберілген түбіртек бір ұтыс билетіне теңестіріледі.
✅Ұтыс ойынындағы жеңімпаздар түбіртекті кездейсоқ таңдау әдісі бойынша анықталады.

Демек, түбіртектер көп жіберілген сайын, қатысушылар жүлде бір миллион теңгені ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.

Өзгерткен: 22.07.2020