Жаңалықтар

09.07.2020

"Байқоңыр" ауданындағы бірқатар ауланы абаттандыру жұмыстары аяқталды

Биылғы жылы әкімдік аппараты аудан аумағын абаттандыру жұмыстарна басмыдық беріп отыр. «Байқоңыр» ауданы бойынша биылғы жылы 50 ауланы абаттандыру мен 15 ауланы қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізу көзделген.

Қазіргі таңда, қала күніне орай 20 ауланың абаттандыру жұмыстары аяқталып, тұрғындардың пайдалануына берілді. Сондай-ақ, 'Қазгородок' және 'Кирпичный' тұрғын алаптарының да қоғамдық кеңістігі абаттандырылып, тұрғындардың пайдалануына берілді. Бұл 'Қазгородок' және 'Кирпичный' тұрғын алаптарындағы алғашқы ауқымды қоғамдық демалу кеңістігі болып табылады.

Жоба бойынша абаттандырылу жұмыстары балалар ойын алаңы, демалыс алаңы және тұрғындарға арналған көп функционалды тренажалық алаң негізінде жасақталып, аумағы бойынша сәйкес келетін аулаларға футбол, баскетбол, стритбол алаңдары да салынды. Балалар ойнайтын аулалар шарбақтармен қоршалды. Жаңа орындықтар, демалыс орындары, құм шашылған ойын алаңдары іске қосылып, асфальттық жабындылар жаңартылды. Ойын алаңдарында балалардың жарақаттануын азайту мақсатында жұмсақ резеңке жабындылар төселді.⁣

Ауданымызда көпшілік көңілінен шыққан аулаларды көріктендіру және абаттандыру мақсатындағы игі бастамалар әлі де лайықты жалғасын табатын болады.

Өзгерткен: 09.07.2020