Жаңалықтар

08.07.2018

Екі аялдама кешені орнатылды

Құрметті «Байқоңыр» ауданының тұрғындары! Сіздердің жайлылығыңыз үшін ауданда екі аялдама кешені орнатылды! Оның біреуі «Ақылды аудан» жобасы аясында, Бараев көшесі бойындағы № 14 үйдің маңына қойылды. Аталмыш аялдама кешенінде адамдарға ыңғайлы болу үшін жылы бөлмемен, Wi-Fi желісімен, мобильді телефондарды қуаттауға арналған кабельдермен жабдықталған. Баспа ақпараты мен жарнамалық материалдарды көрсету үшін жарықдиодты жарықтандырылған қорап, бейне бақылау және өрт дабылы орнатылған. Сондай-ақ, дүкен немесе бөлшек сауда бутигі үшін павильон қарастырылған.

Екінші аялдама кешені ««Astana» ӘКК ҰК»» АҚ бойынша «Тұлпар» СО маңында, Уалиханов көшесі бойында орнатылды. Сонымен қатар, жаз мезгілінің соңына дейін тағы да екі аялдама кешенін орнату жоспарда бар.

Өзгерткен: 08.07.2018