Жаңалықтар

06.07.2018

Мерейтойлық төсбелгілерді табыстау

Бүгін ҚР Қарулы Күштерінің әскери-тарихи мұражайында Астананың 20 жылдығын атап өту аясында «Байқоңыр» ауданының белсенділеріне салтанатты түрде мерейтойлық төсбелгілерді табыстау шарасы өтті.

Оның басты мақсаты - ауданымызда ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан ұстаздар мен дәрігерлер қауымы, мәдени ошақ қызметкерлері арасында, инфрақұрылым және үкіметтік емес секторда ұзақ жылдар бойы ел игілігі үшін белсенді қызмет етіп, ерекше көзге түскен азаматтардың есімі аталып, халыққа паш ету.

Мерекелік шара барысында Елбасының атынан «Астанаға 20 жыл» атты 30-дан аса төсбелгілер табысталды. Белсенділерді құрметтеу мерекелік концертпен және құттықтаулармен жалғасын тапты.

Әр біріміз елордамыздың дамуына орасан зор үлес қосудамыз және қала күні – біздің ортақ мерекеміз!

Бүгінгі салтанатты марапатқа ие болған замандастарға дендеріне саулық, қызметтеріне табыс пен жаңа серпін тілегіміз келеді!

Өзгерткен: 06.07.2018