Жаңалықтар

12.05.2020

БКМ фискалдық чегін бермегені туралы хабарлаған жағдайда cыйақы төленеді⠀

Мемлекеттік кірістер комитеті БКМ фискалдық чегін бермеу фактілерін анықтау бойынша «Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясы 2020 жылғы 12 мамырдан бастап қайта басталғаны туралы хабарлайды. 

Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясына кез-келген үміткер қатыса алады. Барлық жолданған өтініштер мемлекеттік кірістер органдарында қаралады.⠀

App Store немесе Play market-тен «Wipon» мобилді қосымшасын тегін жүктеп алып, фискалды чекті бермеу бұзушылық фактілері туралы хабарлауға болады. Фискалды чекті бермеу фактісі расталған жағдайда телефонның теңгеріміне (1000 теңге) сыйақы алуға болады.⠀

2019 жылы азаматтардың хабарлауы бойынша акция жүргізу барысында⠀940 дерек расталды, оларға 940 мың теңге сомасында сыйақы төленді.⠀

Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының барлық азаматтарын өздерінің азаматтық ұстанымын, заң бұзушылыққа төзбеушілігін білдіруге және «Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясына белсенді түрде қатысуға шақырады.⠀

Қазақстан Республикасы⠀

Қаржы министрлігі⠀

Мемлекеттік кірістер комитетінің⠀

Баспасөз қызметі

Өзгерткен: 12.05.2020