Жаңалықтар

25.04.2020

Жастар шағын ауданы бойынша 14 аула аумағын абаттандыру жұмыстары басталды.

Бүгінгі күні, Жастар шағын ауданы бойынша 14 аула аумағын абаттандыру жұмыстары басталды. Жаңа аула аумақтарында демалыс аймағы, жаяу жүргіншілер жолдары орналастырылады, балаларға арналған жаңа спорттық және ойын құралдарымен жабдықталған балалар алаңдары (футбол алаңы, баскетбол алаңы, көше жаттығу құрылғылары, воркаут алаңдары) орнатылады және жарақатқа қауіпсіз жасанды жабынды төселеді, сонымен қатар, ағаштар мен бұталар отырғызылады.

Бүгін «Байқоңыр» ауданының әкімі Н. Нұрсағатов жұмыстарды орындау барысына қатысты туындаған бірқатар мәселелерді талқылау бойынша аулаларды аралау жүргізді. Қазіргі уақытта мердігер ұйым борттық тастарды, асфальтбетонды жабындыны және ескірген балалар алаңдарын демонтаждау бойынша жұмыстар жүргізді. 

Өзгерткен: 25.04.2020