Жаңалықтар

06.07.2018

Туған күнің құтты болсын, Астана!

Ерке Есілдің жағасында бой түзеп, күн санап биіктей түскен, келбетіне ажар қосып көркейген Астанамыздың 20 жылдығы құтты болсын!

Астана – Елбасымыздың бастамасымен, ғасырлар тоғысында дүниеге келген ғажайыптардың бірі. Еуропаның сәні мен шығыстың нәзік нақышы қатар өрілген, қарыштап дамыған қаламыздың бүгінгі келбетіне сүйсінбейтін, таңданбайтын жан жоқ.

20 жылдың ішінде Астана бүкіл әлемге танылып, көптеген елдердің астаналарымен терезесі тең түсті. Бүгінде ол  елдің символы, ұлтымыздың діңгегі, барлық этностарды біріктіріп отырған үлкен ордаға айналды. Көптеген саяси және экономикалық маңызды оқиғалардың орталығына айналып отырған Астана, ғасыр үлесінен орын алатыны сөзсіз.

Астана – xалқымыздың мерейі, мәртебесі, мақтанышы! Еліміздің Елордасы одан әрі гүлдеп, өркендей берсін! Туған күнің құтты болсын, Астана!

Құрметпен, Ерлан Каналимов

Өзгерткен: 06.07.2018