Жаңалықтар

31.03.2020

Елорда тұрғындарын аялдама павильондарында жиналмауға шақыруда

Қалалық жедел штаб 30 наурыздан 6 сәуірге дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы қоғамдық көлік жұмысының толық тоқтатылғандығын еске салады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
 
"30 наурыз сағат 00:00-ден 6 сәуір сағат 00:00-ге дейін елордадағы қоғамдық көліктердің жұмысы толық тоқтатылғандығын еске саламыз. Осы ретте Сіздерден аялдама павильондарында қоғамдық көліктерді күтпеулеріңізді сұраймыз. Көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда үштен артық адамның жиналуына кеңес берілмейді", – деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қаласының Жедел штабы.
 
Қала тұрғындарын кешкі және түнгі уақытта көшеге шықпай, үйде болуға шақыруда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
 
"30 наурыз - 6 сәуір аралығы сағат 20:00-ден 06:00-ға дейін коммуналдық қызметтер көшелер мен аулаларда, қоғамдық орындарда залалсыздандыру шараларын жүргізеді. Аталмыш шаралардың тиімділігі үшін төтенше жағдай режимі күшейтілген кезеңде сағат 20:00-ден кейін үйден шықпауларыңызды сұраймыз", - делінген Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жедел штабының хабарламасында.
Өзгерткен: 31.03.2020