Жаңалықтар

06.03.2020

Көпбалалы аналар алтын және күміс алқамен марапатталды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппаратында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мейрамы қарсаңында 12 «Алтын алқа» және «Күміс алқа» (2 алтын, 10 күміс) иегері марапатталды.

Аналарды «Байқоңыр» ауданының әкімі Нұрбол Нұрсағатов құттықтап, бағалы сыйлықтар табыстады.

«Қазақ  халқының егемендік алғанына аз ғана уақыт болды. Осы уақыт аралығында еліміздің демографиялық дамуына үлес қосып келе жатқан әр анаға мың алғыс. Мемлекет басшысының 2019 жылғы 18 маусымдағы Жарлығы бойынша сіздерді алтын және күміс алқамен марапаттап отырмыз. Әйел заты үшін мұндай алқа тағыну үлкен дәреже деп ойлаймын. Байқоңыр ауданы бойынша 1003 алтын және күміс алқа иегері бар. Көпбалалы аналарымызға қашанда қолдау көрсетуге дайынбыз. Дана халқымыз «Әйел күлкісі бар ел - бақытты», дейді. Келе жатқан мерекелеріңізбен құттықтаймыз, езулеріңізден күлкі кетпесін»,- деді Нұрбол Төлегенұлы.

Сонымен қатар, аудан әкімі әйелдердің қоғамдағы рөліне тоқтала келе, олардың әлеуметтік жағдайы әкімдіктің басты назарында екенін атап өтті.

Өзгерткен: 06.03.2020