Жаңалықтар

04.07.2018

126 бірлік тақырыптық жалаушалар мен консольдер орнатылды

Ауданымыздағы көпірлер елорданың ескі орталығының жаңа көрінісінің бірі болып табылады. Олар кептеліс ағынын азайтуға мүмкіндік береді және қаланың түрлі бөліктерін байланыстырушы іспеттес. Аудан көпірлерінің санитарлық жағдайы, жөндеу жұмыстарының жүргізілуі және безендірілуі әкім аппаратының ерекше бақылауында. «Можайский», сондай-ақ Бөгенбай батыр даңғылындағы көпірлерде 126 бірлік тақырыптық жалаушалар мен консольдер орнатылды. Жаңаша көркейген көпірлер елордамыздың мерейтойын қарсы алуға дайын!

Өзгерткен: 04.07.2018