Жаңалықтар

25.02.2020

«Байқоңыр» ауданы әкімдігінде көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында жедел штаб құрылды

Алдағы күндері ауа температурасы көтеріліп, қар ериді деп күтілуде. Осыған байланысты «Байқоңыр» ауданының әкімдігі күшейтілген режимде жұмыс істейді. Аудан басшысы Нұрбол Нұрсағатовтың тапсырмасымен жедел штаб құрылды. ТЖ орын алған жағдайда тұрғындар ТӘУЛІК БОЙЫ 55-73-76, 55-73-78 телефондары бойынша «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппаратына, сонымен қатар +7 (701) 999-85-75 телефоны бойынша КИРПИЧНЫЙ, КАЗГОРОДОК тұрғын алаптары бойынша әкімнің Бас инспекторы Хасенов Тоқтар Ерсайынұлына және +7 (702) 818-11-88 телефоны бойынша ӨНДІРІС тұрғын алабы бойынша әкімнің Бас инспекторы Сейітханов Дархан Бақытұлына хабарласа алады.

Қазіргі кезде көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында жеке сектордағы қарды тазалау және шығару жұмыстары үш ауысыммен жүргізіліп жатыр. Күн сайын су деңгейін төмендетуге арналған арық-науа жүйелері тазартылады, су басу қаупі бар 39 жеке меншікті үйде қажет болған жағдайда су сору үшін стационарлық сорғы станциялары орнатылады. «Байқоңыр» ауданының ТЖ басқармасының және Аудан әкімі аппаратының  қызметкерлері су басу қаупі бар проблемалық учаскелерде тұрақты түрде тексеру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар арасында қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстары қолға алынды.

«Байқоңыр» ауданында су астында қалуы мүмкін 12 учаскеде 453 тұрғын үй (1493 адам тұрады) орналасқан. ТЖ орын алған жағдайда «Байқоңыр» ауданының әкімдігі халықты эвакуациялауға дайын, тамақтандыру және уақытша орналастыру пункттері дайындалды.

Өзгерткен: 25.02.2020