Жаңалықтар

07.02.2020

Аудан әкімі Н.Нұрсағатовтың төрағалығымен жиналыстар өтті

Ақпанның 6-ы күні «Байқоңыр» ауданы әкімдігінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің басқарма басшыларының, аудандық полиция және прокуратураның, Төтенше жағдайлар басқармасы өкілдерінің қатысумен жиналыс өтті. Олардың барысында көппәтерлі тұрғын үйлерде орналасқан хостелдердің жұмысын реттеу, металл қабылдау пунктері мен заңсыз сауда, жарнама жасау сұрақтары талқыланды. Аудан әкімі Нұрбол Нұрсағатов кездесуге қатысушыларға бірқатар тапсырмалар жүктеп, олардың орындалуын бақылауға алды. Сонымен қатар, аудан әкімінің төрағалық етуімен аудан аумағында орналасқан мектептерге қосымша құрылыстарды салу сұрақтары қарастырылған кездесу болып, оған Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының өкілдері, мектеп директорлары, мердігерлік ұйымдардың өкілдері қатысты. Н.Нұрсағатов талқыланған мәселелердің орындалу барысы бақылауда болатынын айта кетті.

Өзгерткен: 07.02.2020