Жаңалықтар

07.02.2020

Аудан әкімі азаматтарға жеке қабылдау жүргізді

Бүгін «Байқоңыр» ауданының әкімі Нұрбол Нұрсағатов азаматтарға жеке қабылдау жүргізді. Кездесуге азаматтар келесі сұрақтармен келген болатын: жаяу жүргіншілер жолдарын жасау мен аулаларды абаттандыру, тұрғын-үй коммуналдық сипаттағы мәселелер және өзге де әлеуметтік-тұрмыстық сұрақтар. Кей мәселелерді шешу үшін аудан әкімінің орынбасарларына тапсырмалар жүктелді. Аудан әкімі Н.Нұрсағатовтың азаматтарды жеке қабылдауы апта сайын болады, жазылу 8 (7172) 55-75-19 нөмірі арқылы жүргізіледі

Өзгерткен: 21.02.2020