Жаңалықтар

03.07.2018

Ақпараттық стелалар орнатылды

Міне, осындай ақпараттық стелалар «Байқоңыр» ауданында орнатыла бастады. Аудан атауы жазылған алғашқы стела Амман және Тәшенов көшелерінің қиылысында орнатылды. Стела кіріктірілген жарық техникасымен жабдықталып, түнгі уақытта да жарқырап тұратындай етіп жасалды. Аудан бойынша барлығы 9 стела орнатылатын болады. Олар тек аудан тұрғындарын ғана емес, сонымен қатар, барлық елорда тұрғындары мен қонақтарын қуантатын болады деп сенеміз!

Өзгерткен: 03.07.2018