Жаңалықтар

07.01.2020

Құрметті аудан тұрғындары!

Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты «Өндіріс» тұрғын алабының ішкі көшелеріндегі қарды тазарту бойынша жұмыс кестесін жасады.
Осыған байланысты, Сіздерден автомобильдер мен басқа мүліктерді кестеде көрсетілген уақытта жолдың жүріс бөлігінде қалдырмауыңызды сұраймыз.
Сондай-ақ, көше бойында орналасқан жеке құдықтардың іргетасына зақым келтірмеу үшін, тұрғындардан құдық орналасқан орындарда мүмкін белгілерді орнатуды сұраймыз.
Белгіленген жұмыстар 2020 жылғы 7 қаңтардан 5 ақпанға дейін жалғасады.

«Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты

Өзгерткен: 07.01.2020