Жаңалықтар

12.12.2019

«Байқоңыр» ауданы қарттарының бос уақытын ұйымдастыру

Бүгінде «Байқоңыр» ауданында қарт кісілердің бос уақытын тиімді өткізуіне арналған шағын орталықтар ашу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ағымдағы уақытта ауданымызда 6 шағын орталық қарт кісілердің игілігі үшін қызмет атқаруда. Жылдың басынан бері 3 шағын орталық ашылды. Бұрын шағын орталықтар болмаған ауданымыздың шет аймақтарында тұратын қарт кісілерге ерекше назар аударылуда. Іс-шараның мақсаты, қарт кісілердің бос уақытын тиімді өткізу, белсенді өмір сүруге, салауатты өмір салтын сақтауға баулу, сондай-ақ өнері мен шеберлілік потенциалын арттыру арқылы өмір сүру жағдайын жақсарту болып табылады.

Өзгерткен: 12.12.2019