Жаңалықтар

04.12.2019

«Тұңғыш Президент» күніне «Лицей барысы» турнирі өтті

Республикалық қазақ күресінен оқушылар арасында «Тұңғыш Президент» күніне және «Білім- Инновация» лицейінің 25 жылдығына арналған «Лицей барысы» турнирі өтті. Көрерменнің көңілінен шыққан ұлттық сайыстың жас ұрпаққа берер тәлімі мен оятар рухы орасан! Сайысқа 16 қаладан 84 оқушы қатысты. Осы атаулы додада біздің «Білім- Инновация» лицейінің оқушылары да биік белестерді бағындыра алды. Атап айтсақ, Елубаев Қайсар ІІ, Пириев Ибрагим ІІІ, Болат Тілеужан ІІІ орындарға ие болды. Оқушылардың ерен еңбегіне нұр бітсін!

Өзгерткен: 04.12.2019