Жаңалықтар

29.11.2019

«Дара тұлға, дана тұлға Елбасы!»

Нұр-Сұлтан қаласының «Жастар» сарайында 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған «Дара тұлға, дана тұлға Елбасы!» атты салтанатты іс-шара өтті.

Шараға қаланың құрметті тұрғындары, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қонақтар мен елорда тұрғындары арнайы қонақ ретінде қатысты.

Мерекелік бағдарлама аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының ән-би ансамблі өнер көрсетті. «Байқоңыр» ауданы әкімінің атынан түрлі коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың бірқатар қызметкерлері, кәсіби салада ерекше көзге түскен мемлекеттік органдардың қызметкерлері алғыс хаттармен марапатталды. Мереке қала тұрғындарына жақсы көңіл-күй сыйлады деген үміттеміз!

«Байқоңыр» ауданы әкімдігінің атынан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан ән-би ансамбліне алғысымызды білдіреміз.

Өзгерткен: 29.11.2019