Жаңалықтар

19.11.2019

Өрт қауіпсіздігі

Жылыту маусымы кезінде өрттің алдын-алу, тұрғындарға өмір қауіпсіздігінің мәдениетін қалыптастыру мақсатында, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері тұрақты негізде аулаларды аралау өткізеді.

Байқоңыр ауданы әкімінің аппараты мамандарымен, Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Байқоңыр ауданы ТЖ басқармасы 2, 6, 16, 17 өрт сөндіру қызметкерлерімен және «Жас Отан» жастар қанаты еріктілерімен, құрылыс колледжінің студенттерімен бірлесіп, «Өндіріс» тұрғын алабының тұрғындарына электр қондырғыларымен қатты отындағы пешті пайдалануда өрт қауіпсіздігінің ережесін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Аталған іс-шараны өткізу барысында 800 тұрғын үй қамтылып, 1000-нан аса адамға нұсқау берілді. Сонымен қатар, тұрғындарға аяз көтерілуіне байланысты, су қоймаларының бетіне мұз қабатының енді қалыптасып жатқандығы, оның салмақты ұстай алмайтын тез жарылатыны себепті қаланың су қоймаларында жүрудің қауіптілігі түсіндірілді.

Тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарының үйлеріне түтінге қарсы қондырғыларды орнату бойынша бұрын басталған жұмыстың жалғасқаны туралы атап өткен жөн. Аталған бағытта  жұмыстар жалғасуда.

Өзгерткен: 19.11.2019