Жаңалықтар

11.11.2019

«Байқоңыр» ауданы әкімінің кубогы үшін бокстан турнирдің ақтық финалы

2019 жылдың 9 қарашасында Нұр -Сұлтан қаласы, №23 орта мектептің жанындағы «Вагончик» клубында бокстан турнирдің ақтық финалы өтті. Турнирге 65 қатысушы мен 14 команда қатысты.

Финалдық жекпе-жектер өте қызу өтті. Жас спортшыларды қолдауға кикбоксингтен екі дүркін әлем чемпионы Нұрболат Рысмағамбетов келді. Бұл жас спортшылар үшін нағыз сыйлық болды және олар рингте бар күштерімен тырысып бақты.

«Байқоңыр» ауданы әкімінің кубогы үшін аула клубтардың жаттықтырушыларының тәрбиеленушілері, 65-ке жуық жас боксшылар күш сынасты.

Жеке біріншілікте алға шықты: 44 келі салмақта Тахар Рахат (Қорғалжын СК), 48 келі салмақ дәрежесінде Абдикадиров Уралбек (СК Қорғалжын), 50 келі салмақта Рахимов Дамир (СК Қорғалжын), 54 келі салмақта Абдижаппар Самат (Қорғалжын СК), 57 келі салмақ дәрежесінде боксшылар арасында Қуанышев Байбол (Қорғалжын СК) көш бастап тұр, келесі салмақ дәрежесінде 52 келіде Кәрібай Әлішер (Қорғалжын СК), 60 келі салмақта Қуандық Батырхан, 64 келі салмақта Абдрашитов Абдурахим (Спор-интернат), 69 келі салмақта I орын - Вечеркин Федор (Нұр-Сұлтан) және 75 келіден жоғары салмақта Келман Арман (БЖМОРСМ) және финалдық жекпе-жектің қорытындысы бойынша 81 келі салмақта бірінші орынды Рысжанов Нұрасыл иеленді (Спорт-интернат).

Жеңімпаздар мен үздік жас боксшылар дипломдармен марапатталды.

Шара ұйымдастырушылары №23 орта мектептің директоры Мұхамедиев Бейімбет Мұхаметқазынұлының айтуынша, осындай іс-шаралар өткізу, бұл біріншіден, жастарды денсаулығын сақтау және нығайту, жасөспірімдердің спортқа деген саналы және белсенді көз-қарасын қалыптастыру.

Айта кету керек, қазіргі таңда «Байқоңыр» ауданында спортпен шұғылдануға барлық жағдай жасалған. Аудан бойынша балалардың демалысы үшін әртүрлі секциялардағы 9 аула клубы жұмыс істейді.

Өзгерткен: 11.11.2019