Жаңалықтар

18.10.2019

Кенесары көшесінде жаяужол салынуда

Естеріңізде ме, осыдан 2 апта бұрын Кенесары көшесінде 1000 ш.м. жасыл желектер отырғызылып, оған параллельді түрде орналастыра жаяужол саламыз дегенім?
Міне, жасыл желектерді отырғыздық, ал енді жаяужолды орнатуға кірістік.
Жалпы бастапқы ой осындай: Республика даңғылынан Ш.Уәлиханов көшесіне дейін жаяу жүргіншілер жолын орнатып, оның маңында жасыл желектер қоршай егу. Көктем-жазғы мезгілде өте әдемі болып көрінетіні анық.
Ал қазіргі (Кенесары көшесі бойындағы) техникалық жаяужолды қолдану қауіпсіз емес екенін атап өткен жөн.
Сондықтан, жасалып жатқан істердің барлығы Сіздер үшін, құрметті тұрғындар. Барлығы Сіздердің жайлылығыңыз үшін!

Асқар Есілов

Өзгерткен: 18.10.2019