Жаңалықтар

08.10.2019

Жаппай ағаш отырғызу

А.ж. 12 қазан күні «Байқоңыр» ауданы бойынша жаппай ағаш отырғызу жоспарланған. Әр тұрғынның төменде көрсетілген үш аумақтың кез келгеніне барып ағаш отырғызуға мүмкіндігі бар:
-Абай даңғылындағы гүлзар (Егемен Қазақстан көшесінен Б.Бейсекбаев көшесіне дейін);
-Кенесары көшесі (Республика даңғылынан Ш.Иманбаева көшесіне дейін);
-А.Пушкин көшесіндегі гүлзар (Абылайхан даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейін).
Достарыңызбен, әріптестеріңізбен, бүкіл отбасыңызбен келіңіздер! Ауа-райы жылы әрі ашық болады деп күтілуде.

Өзгерткен: 08.10.2019