Жаңалықтар

09.10.2019

Алаш тас жолы

Алаш тас жолы. Барлығына ол ауқымды сауда алаңы ретінде белгілі: шеті көрінбес базарлар мен сауда нысандары. Адамдардың шоғырлануы бұл жерде жоғары, сондықтан тұрақты қадағалауды қажет етеді.
Аудан құрылғалы бері заңсыз контейнерлермен күресті жүргізіп келе жатырмыз, сауда нысандарын ретке келтіріп, заңсыз жарнаманы жоюдамыз. Қазір ол жерде тәртіп орнаған. Дегенмен, атап өтетін жайт, бұл бір күндік атқарылған жұмыс емес.
Бүгін аталмыш тас жолын жаяу жүріп өттім. Құқықбұзушылықтарды анықтап, санитарлық тазалық пен сауда нүктелерінің сәйкестігі бойынша бөлімдерге ескерту айттым. Нақты мерзімдері анықталған тапсырмалар бердім.
Бүгін екі сағаттық жаяу аралауда Алаш тас жолының бір жағын ғана қарап үлгердік. Жақын күндерге тағы аралауды жоспарладым.

Асқар Есілов

Өзгерткен: 09.10.2019