Жаңалықтар

03.10.2019

Азаматтарға жеке қабылдау өткізілді

Азаматтарға қабылдау өткіздім. Әдеттегідей, ол әр бейсенбі сағат 15.00-де өтеді. Оннан астам азамат түрлі сұрақтар бойынша жазылды: қызмет көрсетуші ұйымдардың жұмысы, апатты үйлерді бұзу, су құбырын өткізу, ШОБ-қа қолдау көрсету және т.б. сұрақтар.
Бірнеше сұрақтар бойынша орынға баруды осы күнге жоспарлап қойдым. Тағы бірнеше мәселені қарастыру мақсатында бөлімдерге тиісті органдарға ресми хат жолдауға тапсырма бердім. Сонымен қатар, ҚР Заңнамасына түсініктеме бердім.
Естеріңізге салсам, қабылдауға жазылу 8(7172)55-75-19 нөмірі бойынша жүргізіледі.

Асқар Есілов

Өзгерткен: 03.10.2019