Жаңалықтар

12.09.2019

Жасанды жол кедергісін орнату

Тұрғындар жасанды жол кедергісін (ЖЖК) орнату жөнінде өте жиі өтініш білдіріп жатады. Олар, бірінші кезекте, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және автокөліктің еріксіз жылдамдықты баяулатуға септігін тигізу үшін орнатылатыны белгілі.
Дегенмен, оларды орнатудың өзіндік Ережелері мен нормалары бар екендігін естен шығармау керек. Сондықтан, тұрғындардың сұраған жеріне ЖЖК орната алмауымыздың себептері де осы.
Келіп түскен өтініштерді қарастырып, келесідей мекенжайларда ЖЖК орнату жұмыстарын жүргіздік: Ш.Иманбаева к., 8/1, Ж.Ташенов қ.к., 8/3, М.Ғабдуллин к., 12.
Сонымен қатар, қауіпсіздік шаралары төмен тағы бірнеше орындарда орнату жоспарланған.

Өзгерткен: 12.09.2019