Жаңалықтар

06.09.2019

Ж.Тәшенов қысқа көшесі, 8/3 үйінің тұрғындарымен кездесу

Кеше азаматтарды қабылдау кезінде Ж.Тәшенов қысқа көшесі, 8/3 үйінің тұрғындары келіп, бірқатар мәселелерді көтерген еді. Визуалды түрде ауланы көру мақсатында, бүгін орынға баруды шештік. Ауланы жаяу аралау барысында келесідей шаралар және шешімдер қабылданды:
- қоқыс жәшіктеріне арналған алаңды өтпелі жерден ауыстыруды шештік;
- гараждар бойынша иелерін тауып, тиісті шаралар қолдануды тапсырдым;
- А.Бараев к. жағынан жаяужол жүргіншілер орнын жиектастармен қоршауды тапсырдым;
- аулада судың жиналуын болдырмау үшін, жаңбыр суын жинақтайтын орын дайындауды тапсырдым;
- жабық тұрған аялдама кешені бойынша инфрақұрылым бөлімімен Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына хат жолданатын болады;
- иесіз тұрған көліктер бойынша да, иелерін анықтау тапсырылды;
- жарықтандыру бойынша жарық шамдарын орнату мүмкіншілігін қарастыратын боламыз;
- жасанды жол кедергісін аулада а.ж. 15 қазанына дейін орнатамыз;
- 8 емханада жұмыс істемей тұрған жеделсатылар бойынша, денсаулық сақтау мекемесінің меңгерушісімен кездестім. Жеделсатылар жөндеуде болып, бүгінгі таңда, тапсырыс беруші атқарылған жұмыстарды қабылдауда. Өкінішке орай, қабылдау барысында бірқатар сәйкессіздіктер анықталып, орнатылған техниканың іске қосылуы тежелуде. Сот процесстері жүріп жатыр. Осыған байланысты, емделушілерге қабаттар арасында жүріп-тұру қиын болатындықтан, емхана басшылығына терапевт, хирург, әйелдер ауруларының маманы кабинеттерін астына ауыстыруға кеңес берілді.

Өзгерткен: 06.09.2019